
«Lingvo tūlğa - 2024» номинациясының иегері
Риддер қаласының аумағында және/немесе өзінің жеке парақшасында әлеуметтік желілерде немесе күнделікті өмірде көптілділікті және/немесе мемлекеттік тілді насихаттау бойынша қызмет атқарып келе жатқан дара тұлға Абитаева Минара Нурланбековна

Жаһандану және мемлекеттік тіл
Риддер қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының облыстық «Алтай» арнасына берген сұхбаты.

Садыкова Куралай Кауконевна - «Әділетті Қазақсатнның адал азаматы»
Риддер қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Садыкова Куралай Кауконевна «Әділетті Қазақсатнның адал азаматы» марапатын иеленді

«Креативті орталық» номинациясын иегері.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі 17 тілдерді оқыту және дамыту орталығының қатысуымен «Үздік орталық» байқауы өткізілді. Байқау 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл - достық пен ынтымақтастықтың көпірі» атты салтанатты шарада қорытындыланды. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-сі «Креативті орталық» арнайы номинациясымен марапатталды.

Мемлекеттік тіл-Қазақстан халқын біріктіретін тіл
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежіресі мен тарихы сол халықтың тілінде жазылары хақ. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Шараға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады. Мереке қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тілдерді оқыту орталықтары арасында өткен «Үздік орталық – 2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Облыстағы 17 аудан, қалалардан 16 орталық қатысқан байқаудың қорытындысымен Жетісай ауданының мәдениет, тіддерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесі жүлделі І орынға ие болды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұрамызды жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан ауданымыздың Тілдерді Дамыту Орталығы мекемесінің басшысы Құрманбек Рысмаханов ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар мен жеңімпаз атанған орталықтар ұйымдастырушылардың қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарына ие болды.

АЛАШ АРЫСЫ, ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 152 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН 5 ҚЫРКҮЙЕК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТІЛ ДОСТЫҚПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨПІРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
4 қыркүйек күні мерекелік іс шара аудандық мәдениет сарайында өткізілді. Мерекелік іс шараға аудан әкімі, мәслихат төрағасы, этнос өкілдері, мәдениет клубтары, кітапхана қызметкерлері,шекара басқармасының әскери тобы , колледж мұғалімдерімен студенттері қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік іс шараның шымылдығын Қозыбаев Алдияр мырза өз құттықтау сөзін жолдап ашып берді. Шара барысында ауданымыздың тіл жанашырларын, осы сала қызметкерлерін «Алғыс хатпен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту , әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 152 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу ,кеңінен насиха₸ау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік жиынымыз концертке ұласты. Аудандағы өнерлі жастармен қатар, түрлі этнос өкілдері өнер көрсетті. Мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тұран рухы» атты бейнебаяның тұсаукесері кесілді. Бейнебаян өткен ата бабаларымыздың бастан кешкен қиыншыл кезенең хабар беретін , өскелең ұрпаққа үлгі болатындай тарихи бейнебаян болды. Біздің мерекелік ісшарамызды жоғары деңгейде өтуіне септігің тигізген Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ұжымы атынан алғысымызды білдеріміз !!!

«Келешектің кілті латын әліпбиі»
Сауран аудандық Тілдерді дамыту және оқыту орталығы,Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-і қызметкерлерінің қатысуымен, дөңгелек үстел өткізілді. ?Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі – қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. ?Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты.

«ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТТЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Сауран аудандық Тілдерді дамыту және оқыту орталығы,Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-і қызметкерлерінің қатысуымен, дөңгелек үстел өткізілді. ?Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі – қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. ?Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты.

«Тіл достық пен ынтымақтастықтың көпірі »
Тіл достық пен ынтымақтастықтың көпірі ⚜️Тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін – келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл мерекесі ел - мерекесі. ⚜️Бүгін аудандық мәдениет үйінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл достық пен ынтымақтастықтың көпірі» атты іс-шара өткізілді. ⚜️Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын тіл мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар тіл жанашырларын марапаттады. ⚜️Іс-шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі жасалынды. ⚜️Іс-шарада түрік, өзбек, славян этномәдени орталықтарының төрағалары сөз сөйлеп, көрермендерді құттықтады. ⚜️Салтанатты іс-шараның соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымының және этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен мерекелік бағдарламаға ұласты.

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»
2024 жылы 16 тамыз күні өзге ұлттар арасында қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке арттыру мақсатында Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты аудандық байқауы өткізілді. Ұйымдастырылған байқауға ауданымыздан 13 үміткер қатысып бақ сынады. Байқау үш кезеңнен тұрды. 1. Абай өлеңдерін жатқа оқу кемі – 3 өлең. 2. Абай қара сөзінен бір қара сөз жатқа толық оқу, оның мағынасын өз сөзімен түсіндіру. 3. Мақал-мәтелдің жалғасын табу. Байқауға Түркістан облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Исатай Гүлмира Асқарқызы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры, философия ғылымының кандитаты Файзулла Гүлназ Файзуллақызы, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері Шонтукова Меруерт Қуанышқызы қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Джалиева Севара Корганбаевна, І орынды М.Мақатаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Рахматуллаева Айдын Тахировна, ІІ орынды Далабазар жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Юсупова Равшанай, ІІІ орынды Д.Қонаев атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Исраилова Клара Абдуғаниқызы. «Қара сөз шебері» номинациясымен Әл-Фараби атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Файзуллаева Дурдона Хаятуллаевна, «Талантты қатысушы» номинациясымен №104 НОМ-нің мұғалімі Юнусметова Наргиза Абдикахарровна, «Мәңерлеп оқушы» номинациясымен №7 Бабыр жалпы білім береті мектебінің мұғалімі Эргешова Малика Учкуновна ие болды. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл»
ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ Қазақстандағы Тілдер мерекесі, бұл - елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған айрықша мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі. 5 қыркүйек – қазақтың ұлы ағартушысы, тіл маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Сондықтан Тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсыновтың еңбегімен тығыз байланысты.

АУДАНДЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ұлттық жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Ақынның әдеби мұрасын оқу, насихаттау мақсатында Сауран ауданы оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті. Байқау жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдары мен туындыны түсініп оқу біліктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға қатысушыларға: поэзияны сүйетін, оны поэтикалык тұрғыда талдай білетін, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті болу шарттары қойылды. Сондай-ақ, ақынның өмірі мен шығармашылығын білуі, әрі өлеңдері мен поэмаларын мүмкіндігінше жатқа айтуы және поэтикалық, идеялық тұрғыдан талдай алуы талап етілді. ? Аудандық байқауда: ? Бас жүлдені Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ ауылы, «Қазыбек би» мектебінің оқушысы Абен Назгүл жеңіп алды. ?1 орынды Хусанова Шахризода (Ескі Иқан а/о, Ә. Молдағұлова мектебі), ?2 орынды Ермахан Арайлым (Жаңа Иқан а/о, «Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ), ?3 орынды Cуннетулла Шадияна (Қосмезгіл елді мекені, Ж. Тәшенев мектебі) иемденді. ?Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы қатысушылардың жетекшілерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Конституция күні құтты болсын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымызға биыл 26 жыл! Осы уақыт аралығында қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Бүгінде уақыт сынынан сүрінбей өтіп, еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып отыр. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.

САУРАН АУДАНЫНДА «ӘЛИЯНЫҢ ІЗІМЕН...» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Сауран ауданында «Әлияның ізімен...»әр түрлі салада қызмет атқаратын арулар арасында байқау өтті. Арулар додасында Сауран аудандық Әжелер алқасының төрайымы Байтенова Балымхан, Сауран аудандық білім бөліміне қарасты «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі Ерімбет Тамара, Сауран ауданы мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Аманбаев Шыңғыс қазылық етті. Байқауға қатысушы арулар үш кезең бойынша бақ сынасып, қазылар алқасының шешімімен «Алаш» білім беру орталығының әдіскері Кенжекова Салима жүлделі ?l орынды иеленеді. ?ll орын иегері Сауран аудандық Аманат партиясының маманы Шукирулла Саида иеленді. ?lll орын иегері Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Орынбек Айдана марапатталды.Барлық қатысушылар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мақатаев оқулары конкурсы
Сауран аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты»Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен ауданда барлық жастағы Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған байқау өткізілді. ?Әдеби додаға іріктеуден өткен 24 қатысушы қатысты.Поэзияны Мұқағалиша сүйетін дарындылар мәнерлеп оқудан бақ сынады.Қазылар алқасы қатысушылардың тілінің тазалығы, сахна мәдениеті, мүдірмей жатқа айтуына, көркем оқуына аса мән берді.Байқауда кіл мықтының ішінен, шын жүйрік суырылып шықты. Әр бір оқушы қарым-қабілеті мен дайындық деңгейіне қарай жүлделі орындардан көрінді. ?Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені иеленген Сауран ауданы Қ. Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернатының 9сынып оқушысы Абдужалал Айару Төлеубекқызы «Аққулар ұйықтағанда>>поэмасын жатқа айтты. I орын иеленген Сауран ауданы Шаға а.о Қазақстан 30 жылдығы ауылы «Даму Білім 1» мектебі оқушысы Пернебек Айша II орын иеленген Молда Мұса мектебі оқушысы Есболат Ұлжан II орын иеленген “Сауран” жалпы орта мектебінің 2 ә сынып оқушысы Бахтияр Әдемі III орын иеленген Сауран ауданы Шорнақ ауылы Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі оқушысы Суннетулаева Шодияна Жеңімпаздар және қатысушылар дипломдар мен арнайы сыйлық қорымен марапатталды.

ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ
Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тіл – қоғамның айнасы» тақырыбында аудандық байқауы өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен байқауға аудандағы арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерден 15 үміткер қатысты. Сайыста аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Илимова, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің инспекторы Зулфия Жолдыбаева, аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» орыс тілі оқытушысы Лаура Исаева қазылық етті. Тілдердің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар екі кезең бойынша сайысты. «Сәлемдесу – салтымыз» кезеңінде қатысушы үміткерлер өзін таныстырса, екінші кезеңде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан кез келген бір өлеңін жатқа оқыды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ілияс Манарбек лайық деп танылды. І орын Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Назым Ахметке берілсе, ІІ орын Д.Қонаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Балнұр Курушбектің еншісіне бұйырды. Ал «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлназ Оразходжа мен Н.Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Жасмин Сабит ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ!
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оның қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін көтеру мақсатында Бәйдібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Мерекелік іс-шараға ауданның Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Серікбай Тұржан Дәулетбайұлы, Шаян ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, ауданның Құрметті азаматы, аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғамдық кеңестің мүшесі Қырықбаева Нағима Мақанқызы және БАҚ өкілдері, оқушылар, студенттер қатысты. Мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік жиын барысында тіл үйренушілер, студенттер және оқушылар Алаш арыстарының ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, жұртшылықты рухани байытса, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен көпшілікке мерекелік көңіл - күй сыйлады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай ауданда тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында мерекелік іс-шарасы болып өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ директоры Құрманбек Рысмаханов пен Түркістан облыстық тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов, аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы, тіл жанашырлары мен аудан тұрғындары қатысты. «Тіл – кез келген ұлт пен халықтың, жалпы адамзаттың негізгі қатынас құралы. Тілсіз өмір сүру мүмкін емес. «Ұлтты жоям десең, әуелі тілінен баста» - деген ойдың астарында терең мағына жатыр. Расымен халқымыздың, дініміз бен діліміздің негізгі түп қазығы, ол – біздің ана тіліміз. Тіліміз бен ұлтымыздың жойылмауының жолында қаншама жанның құрбан болғанын ескерсек, ана тіліміз бен ата дәстүрімізге салғырт қарауға ешбіріміздің құқығымыз жоқ екенін аңғарамыз. Ана тіліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашырларына алғысымыз ерекше. Ауданымызда тұратын ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағына дәнекер болып жүрген ақсақалдарымызға да өз ризашылығымды білдіремін. «Тілге құрмет – елге құрмет». Баршаңызды мемлекеттік тілді құрметтей отырып оны жетік үйренуге шақырамын» деді Есенкелді Әшірханұлы. Құттықтау сөз соңында бір топ тіл жанашырларына аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік жиын барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер түрлі этнос өкілдерінің биін билеп, көпшіліктің көңілін көтерді. Сонымен қатар орталықтың тіл үйренушілері мен студенттер Алаш арыстарының ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, жұртшылықты рухани байытса, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Орталықтар
Барлығы

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкеннің сыр сандығы» атты аудандық дөңгелек үстел
Қостанай облысы • 06.05.2025 11:00

«Жемқорлықсыз ел баянды ел»
Түркістан облысы • 28.11.2024 00:00

«Reading for Pleasure»атты сабақ
Түркістан облысы • 27.11.2024 00:00

» Здания. Имя прилагательное. Виды речевой деятельности»атты сабақ
Түркістан облысы • 26.11.2024 00:00
Оқытушылар
Барлығы

Адилова Гулжазира Жексенқызы
Маңғыстау облысы

Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы
Ақтөбе облысы

Ержанбаева Гүлжан Нуртазаевна
Ақтөбе облысы

Суйналина Асима Абилхаировна
Ақтөбе облысы

Жантасова Салтанат Егизбайқызы
Алматы қаласы

Тойкенова Алия Биятқызы
Алматы қаласы
Оқулықтар
Барлығы