Жаһандану және мемлекеттік тіл.

Жаһандану және мемлекеттік тіл.

Тақырыбы: «Жаһандану және мемлекеттік тіл»

Негізгі аспектілері: Тіл саясатын жетілдірудің өзекті мәселелері. Мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің қатарында қазақ тілін дамыту. Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылады. Білім беру, технологиялар және медиа салаларында мемлекеттік тілдегі контент пен цифрлық өнімдер үлесін ұлғайту.

Интервьюер: Садықова Құралай Кауконевна («Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. Тел. 87052816171) 

Журналистің № 1 сұрағы

Құралай Кауконевна сіз ересектерге тілдерді оқыту бағытында қажырлы еңбек етуді қажет ететін қалалардың бірінде тілдерді оқыту орталығының директорысыз. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің қатарында екенін ескерсек. Бүгінгі таңда біздің өңірде тіл саясатын жетілдіруде қандай өзекті мәселелері бар?

Қ.Садықованың № 1 сұраққа жауабы 

Тіл - бұл біздің көпұлтты қоғамымыздың нәзік тақырыптарының бірі. Тіл ұлт даралығы көрсеткіштерінің бірі болғандықтан, Кеңес Одағында туылған көптеген адамдар бұл тақырыпқа қызғана қарайды. Оны жасырып қажеті жоқ. Бірақ қазіргі ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы, керісінше, көптілділікті заманауйлықтың, мобильділіктің, толеранттылықтың көрсеткіші деп санайды. Бұл мәселенің өзектілігі тек «Сананы жаңғырту» тақырыбына негізделеді, бұл туралы көптеген басшалар айтып келеді. Енді мұндағы ең өзекті тақырып – жаһандану және тілдік кеңістік. Жаһанданудың оң және теріс жақтары бар ғой. Мен артықшылықтарға да, кейбір кемшіліктерге де тоқталғым келеді. Ең үлкен артықшылық ол – басқа мәдениеттермен, тілдермен бірігу мүмкіндігі. Яғни, мәдени және лингвистикалық кеңістікте жеке тұлғалардың гибридті формаларын құру мүмкіндігі. Бірақ егер тым кірігіп кетіп жатсаңыз, ұлттық бірегейлікті жоғалту қаупі бар. Бұл бірталай аға буын өкілдерін алаңдататын тақырып. Қазір, мысалы, озық лингвисттер жасанды интеллект пен мемлекеттік тілді біріктіру саласындағы жобалармен айналысып жатыр. Өте қызықты платформа. Егер ағылшын немесе орыс тілінде сөйлейтін Алисаны алсаңыз, оның сауаттырақ сөйлейтін яғни шешенірек екенін байқайсыз. Ал қазақ тілінде сөйлейтін Алиса әлі де сәби. Ол шамамен 5-6 жаста. Мұның бәрі орыс және ағылшын тілдерінде интернетте жазбаша да ауызша да сапалы ақпараттың көптігіне байланысты. Қазақ тіліндегі ақпарат аздау. Сондықтан тіл саясатын дамытудың 2029 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасы мемлекеттік тілдегі сапалы жазбаша және ауызша контентті ұлғайтуды көздейді. Мемлекеттік тілді қолдайтын мемлекеттік органның әрбір басшысы тұжырымдамада көрсетілген индикаторларға қол жеткізуге ықпал ете отырып жасанды интеллектінің келешекте сапалы шешен сөйлеуіне жағдай жасайды деп ойлаймын. 

Журналистің № 2 сұрағы

Рахмет. Қазір қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда. Тәжірибенің қандай формалары болуы мүмкін деп ойлайсыз? 

Қ.Садықованың № 2 сұраққа жауабы

Ел жақсыларының жиналыстарын қалай өткізетінін немесе халыққа ақпараттарын қалай оқитынын байқадыңыз ба? Ол кісілер бір тілден екінші тілге еркін өтіп, аудармасын жасамайды. Бұл бағытты біздің облыстағы әкімдер де қолдап жатыр. Басшылардың бір бөлігі баяндамаларын мемлекеттік тілде жасай бастады. Мұның бәрі іскерлік қазақ тілін меңгерудің табиғи ортасын қалыптастырады. Соңғы 1,5-2 жылда барлық құжаттама Республика деңгейінен тек мемлекеттік тілде келеді. Бұл да мемлекеттік тілдің практикасын зерделеу ортасын кеңейтуге ықпал етеді. Сауда нүктелерінде және басқа да қызмет көрсету орындарында халық қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрай бастады. Мұның бәрі мемлекеттік тілді меңгерудің тегін тәжірибесін алу мүмкіндігін беріп отыр.

 Журналистің № 3 сұрағы

Ал, соңғы сұрақ. Тәуелсіздіктің 35 жылында қазақ тілінде сөйлеген адамдар неге сонша аз? 

Қ.Садықованың № 3 сұраққа жауабы:

Менің ойымша, біз осы мәселеде мұғалімдер ретінде өзіміз өндіретін өнімнің сапасына ғана мән беруіміз керек. Яғни, біздің тыңдаушыларымыз кез-келген тәсілмен тезірек сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керекпіз. Мен тәжірибеме сүйенсем, ересектерге олардың жасына, қабылдау қабілетіне және т.б. байланысты шет тілін немесе екінші тілді үйрену оңай емес. Бірақ менің енді бір байқағаным адамның табиғи мотивациясы болса, ол еш кедергісіз үйреніп кетеді екен. Өкінішке орай, ондайлар көп емес. Әдетте әдістемеге немесе оқулықтарға, кейде тілдік ортаның жоқтығына шағымданып жатады. Табиғи мотивация мүмкіндіктерінің бірнеше мысалын келтіргім келеді. Мысалы, бізге және басқа елдерге Әзірбайжаннан немесе Шешенстаннан азаматтар келеді. (Мен ешкімді ренжіткім келмейді. Бұл жай ғана мысал ғой.) Көбінесе бұл халықтардың өкілдері (олардың қолдары алтын ғой) жақсы сауда немесе құрылыс жүргізе алады. Мен олардың тілді оқытушысыз және оқулықсыз меңгеріп жатқандарына бірнеше рет куә бодым. Мысалы, қаңтар айында деп атайық Магомед жеміс сататын дүкен ашады. Өзі сатушы болып тұрады. Қызметін бастағанда сатып алушыларға икемсіз қызмет көрсетеді. Ол емес зат есімдерді, етістіктерді, жіктік жалғауларын, етістіктің шақтарын т.с.с. қате пайдаланады. Оған жатып кеп бәрі күледі, бәрі оны түзетеді, тіпті оған дөрекі сөйлейтіндер де кездеседі. Өйткені ол орыс тілін мазақ етеді деп санайды біреу. Бірақ Магомед тоқтамайды. Себебі ол біледі, егер ол тоқтаса, отбасын асырау үшін ақша таба алмай қалады. Біреуге келеке болса да, оны мазақ қылса да ол үнемі айтылымын түзете береді, түзете береді. Көзі ашып-жұмғанша 3 айдан кейін Магомед сатып алушыларға анекдоттар айтып және саудасын тамаша дөңгелетіп тұрады. Магомед оқулықтарды қолданбай, мұғалімдерге бармай күнделікті практика жасау арқылы жаттығып алды. Адам баласы өзінің ана тілін меңгергенде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн тәжірибе алғандықтан нәтижеге тез жетеді. Дәл осындай жағдайды біздің еліміздің оңтүстік аймақтарына әскер қатарына тартылған жігіттер басынан кешеді. Олар тәулігіне 24 сағат болмаса да, кем дегенде 8 сағат тілді меңгеруде практиканы пайдаланады. Сондықтан нәтиже болады.

Біздің қоғамға Тілдерді қолдану мәселесіне жеңілірек қараса, бәрі тезірек оңалып кетеді. Мысалы міне қараңыз шы, менің ана тілімде де, орыс тілінде де еркін сөйлеймін. Қандай керемет! Сонымен қатар қытай тілін үйренуді армандаймын. Тілдерді білу біздің мүмкіндіктерімізді арттырады. Көптілді болу дегеніміз - көпмәдениетті болу. Көпмәдениеттілік қазір трендте.