Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Қазақшаңыз қалай?» байқауы

Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Қазақшаңыз қалай?»  байқауы

???? 2026 жылғы 25 ақпанда «Жезқазған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты байқау өткізілді.

⚜️ Іс-шарада үміткерлер өз өнерлерін көрсетіп, қазақ тілінде еркін сөйлеп, мәнерлеп оқып, сахналық қойылымдар арқылы шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді. ???? Іс-шараға №13, №3, №22, №24 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен №26 гимназия оқушылары қатысты. ???? Байқау топтық сайыс түрінде өткізілді. Әрбір қатысушының талпынысы, сахнадағы сенімділігі мен тілге деген құрметі ерекше әсер қалдырды. Мұқағали жырлары тағы бір мәрте жүректерге жол тауып, ана тіліміздің мәртебесін асқақтатты.

???? Байқау соңында қазылар алқасы үздік өнер көрсеткен топтарды марапаттап, ақшалай жүлде мен естелік сыйлықтарды табыс етті.