Абай облысында POLIGLOT QUIZ өтті

Абай облысында POLIGLOT QUIZ өтті

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында POLIGLOT QUIZ өтті.

Квизге қаламыздағы әртүрлі оқу орындарынан 11 команда қатысты. Командалар қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі тарих, әдебиет, география тақырыптарында және кино мен музыкаға қатысты сұрақтарға жауап беріп, 7 кезең бойы ой ұшқырлығы мен жылдамдықтарын, командалық бірліктерін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша:

І орынды Шәкәрім университетінің Дайындық бөлімінің «Жалын» командасы;

ІІ орынды Шәкәрім университетінің «Ай, қап!» командасы;

ІІІ орынды М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Diddybluad» командасы иеленді.

Ойын дәстүрі бойынша ортаңғы орынды алған М.Төлебаев атындағы колледждің “MT Zhastary” командасы арнайы сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, үздік сторис авторлары Құралай Рахманқұлова мен Диас Қабыкенов арнайы сыйлықпен марапатталды.