ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН СӘТ...
25 қазан - Республика күніне орай Абай облысының лингвистикалық орталығының оқытушылары Шәкәрім университетінің Дайындық бөлімінде білім алып жатқан Моңғолия мен Қытайдан келген тыңдаушылармен бірге
«Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейіне танымдық сапар жасады.
Музей — ұлт руханиятының алтын бесігі. Мұнда қазақ әдебиетінің классигі, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына, сондай-ақ Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тағдырына арналған құнды жәдігерлер мен сирек фотосуреттер сақталған.
Бұл сапардың мақсаты – шетелден келген қандас жастарға қазақ халқының ұлы тұлғаларының өмір жолын таныстыру, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыру болды.