Абай облысында «Ұлттық диктант» шарасы өткізілді
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық басқармалар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және Шәкәрім университетінің Дайындық бөлімінің білім алушылары арасында «Ұлттық диктант» жобасы өткізілді.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, тіл мәдениетін дамыту және мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту.