«Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында өткен аймақтық семинар-тренинг

«Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында өткен аймақтық семинар-тренинг

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар:

Балқаш қаласының тілдер орталығы директорының орынбасары Балғабаева Мөлдір Асқатбекқызы – «Тәуелдік жалғауын қайталау. Маусымдық киімдер. А1 деңгейі», Жезқазған қаласы білім бөлімінің №26 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ералиева Айжан Рүстемқызы - “Мемлекеттік тілді оқыту барысында қолданылатын тиімді платформалар мен әдіс-тәсілдер”, Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекмагамбетова Рахат Оспановна – «Текстовая шахматка» для развития читательской грамотности обучающихся», Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жарылғас Сағынай Өмірқұлқызы – «Алғашқы жедел көмек» тақырыбында сабақ үлгілерін ұсынып, заманауи әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасты.

Шараның мақсаты – тіл үйретудің заманауи әдістерін енгізу, тәжірибе алмасу және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру болды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Жылы әрі шығармашылық атмосферада өткен басқосу мұғалімдерге тың идеялар мен шабыт сыйлады.