Абай облысында студенттер арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысы өтті
Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты облыстық сайыс өтті. Байқауға Семей қаласының университеттері мен колледждерінен барлығы – 13 студент қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа оқыса, екінші кезеңде қара сөздерін сахналық бейнеде орындады.
Қазылар алқасының құрамында Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының Абай облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Д.К. Сметов, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары С.М. Қайрамбаева, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахна тілі маманы, ҚР Мәдениет саласының үздігі А.М. Алепарова, Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Н.А. Байжұманова және Абай облысының лингвистикалық орталығының директоры Қ. Кенжебекұлы болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
• І орынды Alikhan Bokeikhan University студенті Қанағатқызы Перизат;
• ІІ орынды М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Асқарова Айгерім;
• ІІІ орынды Бизнес және сервис жоғары колледжінің студенті Ланговых Артем иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.