Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай семинар өткізілді

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай семинар өткізілді

5 қыркүйек - қазақ халқының ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен мазмұнды семинар өткізілді.

???? Іс-шара барысында №4 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, тіл жанашыры Токишова Ақжарқын Ғалымқызы - “Әлеуметтік желідегі қателік”, Сабыр Мақпал - “Инклюзия балалармен жұмыс”, Жезқазған гуманитарлық колледж оқытушысы Шатенова Сәуле Ералықызы - “Емле және тыныс белгілері” тақырыбында ғылыми-танымдық баяндамаларын ұсынып, қатысушыларға құнды мәліметтер жеткізді.

???? Семинарға арнайы шақырылған қонақтар - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев, "Жезқазған қалалық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Мусина Мейрамкул Жолдасбековна құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды. Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен болашағын ерекше атап өтті.

???? Қатысушылар шара барысында өз алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін арнады. ????

???? Іс-шара соңында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова Орталықтың іс-шараларына белсене қатысып жүрген колледж, мектеп ұжымдарын, Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымын және жекелеген азаматтарды құттықтап, тіл саласындағы белсенді еңбектері үшін шынайы алғысын білдіріп, қала әкімінің алғысхатын салтанатты түрде табыстады.