«Абай және толық адам болмысы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді

«Абай және толық адам болмысы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді

✅ «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, қазақтың дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар апталығын қорытындылайтын танымдық дәріс өткізілді.

???? Іс-шара Ұлытау облыстық Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында өткізілді.

⚜️???? Дәрісті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев жүргізіп, Абай мұрасының терең мәніне тоқталды.

???? Спикер ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін кеңінен талдап, олардың рухани-адамгершілік мәні мен тәрбиелік маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

???? Іс-шара барысында “Aманат” партия қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мырзабеков Ерлан Батырбекұлы, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлсім Серікқызы Сандықбаева сөз алып, ұлы Абай туралы өз ой-пікірлерін білдірді.