Танымдық кездесу

Танымдық кездесу

???? ✅ Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Ұлытау облысы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қызметкерлерінің қатысуымен танымдық кездесу ұйымдастырылды.

???? Іс-шараны «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова жүргізіп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды мәліметтер ұсынды.

????⚜️ Кездесу барысында Абай мұрасы мен рухани құндылықтарының маңыздылығы кеңінен әңгімеленіп, қатысушылар да өз ой-пікірлерімен кеңінен бөлісті.