Танымдық сағат өткізілді

Танымдық сағат өткізілді

✅ 2025 жылдың 31 шілдесінде Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай танымдық сағат ұйымдастырылды.

???? Танмыдық сағатты "Тілтану" оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау, ақын шығармашылығына терең үңілу арқылы қызметкерлердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру болды.

⚜️ Танымдық сағат барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар беріліп, қара сөздеріне жан-жақты талдау жасалды.

⚜️ СЭБД қызметкерлері Абайдың қара сөздеріне талдау жасап, өз ой-пікірлерін білдірді.

???? Әсіресе, тәрбие, еңбек, білім және адамгершілік құндылықтары туралы айтылған қара сөздер төңірегінде қызу пікірталас өрбіді.

???? Бұл танымдық сағат ұжым мүшелерінің рухани дүниесін байытып, Абай мұрасының қазіргі қоғамда да өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.