Абай әлемі – рухани жаңғырудың бастауы

Абай әлемі – рухани жаңғырудың бастауы

✅ Абай әлемі – рухани жаңғырудың бастауы.

???? Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты "Тілтану" оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ахмет Сәния Жұмабекқызы Төтенше жағдайлар департаментінің өзге ұлт өкілдерінен құралған қызметкерлері арасында «Абай әлемі» атты ашық сабағын өткізді.

???? Сабақ барысында Абай Құнанбайұлының даналық сөздері, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылып, оның қазақ руханиятындағы орны кеңінен талқыланды.

???? Ашық сабақта қолданылған презентациялар мен бейнематериалдар тақырыпты оңай түсіндіруге көмектессе, онлайн платформалар арқылы берілген тапсырмалар (Kahoot, Quizizz) қатысушылардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

???? Өзге ұлт өкілдері өздерінің қазақ тілін меңгерудегі жетістіктерін көрсетіп, белсенділік танытты.

???? Шара соңында курсқа қатысушыларға "Тілтану" оқу-әдістемелік орталығының атынан салтанатты түрде сертификаттар табысталды