Ақтөбе облысы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен QUIZ UI интеллектуалды ойыны өтті.

5 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар:
білімдерін
логикалық ойлау қабілеттерін
тілдік дағдыларын
ортаға салып, өзара бақ сынасты!
Әр кезеңде түрлі тақырыпта қызықты сұрақтар қойылып,
қатысушылардың тапқырлығы мен жылдамдығы сынға түсті.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
І орын – «Әлия» командасы
ІІ орын – «Ақбоз ат» командасы
ІІІ орын – «Үш қоңыр» командасы
IV орын – «№1» командасы
Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды!
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар керемет көңіл-күй мен жаңа білімге ие болды.
Мұндай зияткерлік ойындар:
ұжымдық ауызбіршілікті арттырады
тіл үйренуге деген қызығушылықты нығайтады!