«ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» КВЕСТ ОЙЫНЫ

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛИЯ – ЕРЛІКТІҢ РУХЫ МӘҢГІЛІК» атты мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор квест ойыны өткізілді.
Шара мақсаты:
ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлік бейнесін жас ұрпаққа үлгі ету;
Мемлекеттік тілді практикалық қолданыс арқылы меңгеруді жетілдіру;
Қатысушылардың тілдік, логикалық, командалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар:
Квестке Ақтөбе облыстық Тілдерді оқыту орталығының тіл үйренушілерінен құралған 4 команда қатысты:
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
«KEGOC» АҚ
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті
Төтенше жағдайлар департаменті
Квест мазмұны:
Квест ойыны бірнеше кезеңнен тұрды. Әрбір тапсырма тіл үйренушілердің білімін, тапқырлығын, шешендігін және тарихи танымын арттыруға бағытталды.
«Ерлік – елге мұра» – қатысушылар өз ұрандарын, сурет немесе ой-тұжырымдарын жасап, Әлия ерлігін заманауи тілмен жеткізді.
«Мергендік сайыс» – шар жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы тарихи және тілдік білім сыналды.
«Әлия» – пазл миссиясы – батыр бейнесін құрастыру арқылы ұжымдық ойлау мен байқағыштықты дамытуға ықпал етті.
«Батырлар аллеясы» – жасырын тапсырманы орындап, бейнеқұттықтау жазу арқылы сөйлеу мәдениетін шыңдады.
«Финиш» – қатысушылар Әлияға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, рухани тебіреністі бөлісті.
✨ Шара ерлік пен елдікке тағзым ету, тілді құрметтеу және заманауи оқыту форматын ұштастырған мазмұнды үлгі болды.
Нәтиже:
1-орын – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қызметкерлері;
2-орын – Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері;
3-орын – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы;
Алғыс хат – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ақтөбе облысы Полиция департаменті марапатталды.