Полиция департаменті қызметкерлері қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеріп, сертификатқа ие болды

Ұлытау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған қазақ тілі курсының С1 жоғары деңгейін сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды!
Салтанатты шара барысында тыңдаушыларға мемлекеттік тілді жетік меңгергенін растайтын құжаттар табысталды. Бұл – олардың табандылығы мен білімге деген құлшынысының жемісі!
Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби дамудың маңызды бөлігі.
Қызметкерлер іскерлік қарым-қатынас, ресми құжат тілі, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдірді.
Тіл үйренуге ұмтылыс – елге қызмет етудің жоғары үлгісі.