Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ағылшын тілі курсын сәтті аяқтады

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ағылшын тілі курсын сәтті аяқтады

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығында ұйымдастырылған ағылшын тілі курсын сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды. Курстың барысында тыңдаушылар ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау, іскерлік хат алмасу, кәсіби терминологияны меңгеру сияқты маңызды дағдыларды игерді.