Абай облысының лингвистикалық орталығы сертификат табыстау рәсімін өткізді

Абай облысының лингвистикалық орталығының қала тұрғындары мен мемлекеттік мекемелер үшін ұйымдастырған қазақ, орыс және ағылшын тілі курстары өз мәресіне жетті. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 214 тыңдаушы сертификат алды:
• Мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша – 91;
• Ағылшын тілінен – 90;
• Орыс тілі бойынша – 33 сертификат табысталды.
Сондай-ақ тіл курстарының тиімді ұйымдастырылуына атсалысып, әріптестерінің толыққанды қатысуын қамтамасыз еткен жауапты мамандар мен оқу барысында белсенділік танытқан тыңдаушылар алғысхатпен марапатталды.
Тіл курстары қазан айының басында қайта жалғасады.