«Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн семинар

«Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн семинар

2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында «Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн семинар өтті. Семинардың алғашқы күні педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шынар Қапантайқызы аталған тақырып бойынша өз тәжрибесімен бөлісті. Онлайн-семинардың екінші күнінде спикер «Jeytil. kz» тіл мектебінің негізін қалаушы, полиглот Мәди Фазыл сөз алды, үшінші күні «Sovietback school» тіл мектебінің негізін қалаушы, полиглот, блогер, тіл маманы Мағжан Совет қызықты ақпараттармен бөлісті, кеңес берді. Семинардың практикалық бөлімінде семинарға қатысушылар қосымша арқылы тапсырмалар орындады. Семинарға белсене қатысқаны үшін аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Сергазина Дина Газизовна Алғыс хатпен мараппаталды. Орталық оқытушысы Жанна Жарасбаева, Дина Сергазина сертификатқа ие болды.