Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығы

Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығы

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай мәдениет саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандарға құрмет көрсетіліп, Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығы мен марапаттар табысталды.

Салтанатты рәсім барысында «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» КММ-сінен екі қызметкер ерекше марапатқа ие болды.

Әдіскер Сейсебаева Жанат Рахымжанқызы «Тіл жанашыры» номинациясымен марапатталып, қала әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығын иеленді.

Сонымен қатар, жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылық табыстары үшін Ибрагимова Ақтолқын Сейткеримовна Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.