Әдістемелік семинар-тренинг өткізілді

Әдістемелік семинар-тренинг өткізілді

2025 жылғы 29 сәуірде «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі - ұлттық сананың қайта жандануына жол» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік семинар-тренинг өткізілді.

Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру.

Міндеттері:

        -латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру;

-ұлттық сана мен рухани жаңғырудың байланысын ашып көрсету;

-жаңа әліпбиді меңгеруге ынталандыру.

 

Семинарда Қазақ тілі оқытушылары халықаралық қауымдастығының Қарағанды қаласындағы өкілдігінің басшысы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақан Жұпар Рысқұлқызы тұшымды баяндама жасаса, Ресурстық тіл орталығының әдіскері Рымғалиева Ақбота Бақтығалиқызы қатысушыларға латын қарпінде оқуға және жазуға дағдыландыруға бағытталған бірнеше тапсырмаларды орындатты.

Семинар барысында қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, латын әліпбиін меңгеру дағдыларын жетілдірді.

Аталған іс-шараға Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, тіл жанашырлары мен студенттер қатысты.

Семинар соңында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова баяндамашы Жақан Жұпар Рысқұлқызы мен Рымғалиева Ақбота Бақтығалиқызына Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы атынан Алғысхаттарды табыс етті.

Сонымен бірге «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы атынан барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.