«Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» тақырыбында аймақтық семинар

«Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» тақырыбында аймақтық семинар

2025 жылғы 29-30 сәуірде «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы» ММ «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Іс-шараның алғашқы күні «IQostanay» оқушылар сарайының кітапханасында ұйымдастырылған семинарда мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен инновациялық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ректоры , филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжанова арнайы шақырылып,«Қазақ тілінің.ұлттық корпусы» тақырыбында сөз сөйледі. Семинардың екінші күні Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Алмагүл Ақмашқызы Игенова жасанды интеллектіні тіл үйрету процесіне енгізу жолдары мен веб-құралдар арқылы тест құрастыру жолдарымен таныстырды, практикалық тұрғыда жұмыс жасалды. Орталық оқытушылары мен әдіскерлері тілдік дағдыларды дамытудың заманауи әдістерімен танысып қайтты.