Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әр түрлі э

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әр түрлі этнос өкілдері арасындағы «Бірлігіміз жарасқан» атты аудандық фестивалі өтті. Аталған іс шараның мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту;- әр халықтың өнері, өз ұлтының тілін, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлап құрметтеу. Іс шараға 7 ұлт өкілдері қатысып, көрме дайындады және өз туған халқының әнін орындады, дәстүрін көрсетті және музыкалық аспаптарында ойнады. Фестивальдің қадірменді қонақтары Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Есмагамбетов Дияр Сержанұлы, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкері, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Таңатбаев Айбек Мырзағалиұлы, кәріс этномәдени орталығының төрағасы Мин Федор Микович, Қостанай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдеді дамыту бөлімінің басшасы Бисахалова Гүлжан Бауыржанқызы. Фестивальдің қатысушыларына алғыс хаттар табысталды және гүл шоқтары берілді