Республикалық референдумды насихаттау

Республикалық референдумды насихаттау

2024 жылы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы" Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдумға: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауалға әрбір Қазақстандық өз таңдауын жасап жауап береді. Осы Республикалық референдумды насихаттау мақсатында тілдерді оқыту орталығы директоры Т.Медетбаева 2024 жылдың 12 қыркүйегінде №2 Мұса Шожанов атындағы мектептің ата – аналары мен ұстаздарына ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізді.