МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!


Құрметті Қазақстан Республикасың азаматы!

Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілінің тіл тазалығының сақталуына және тіл заңдылықтарының сақталуына өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!

Осыған орай Арыс қаласының Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкерлері қаламыздағы кәсіпкерлік нысан иелеріне Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңының 19-21 баптары бойынша бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекті ақпараттардың мемлекеттік тілде жазылуына байланысты орын алған, кемшіліктерді жою мақсатында қаламыздағы дүңгіршектердің атауы, сауда орталықтары, әсемдік салоны, тағы басқа да қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп брошюралар таратылды.