Қазақ және ағылшын тілі курстарына шақыру

Қазақ және ағылшын тілі курстарына шақыру

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы сіздерге төмендегі ақпаратты назарларыңызға ұсынады. Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2024 жылдың 15 наурызында Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында: «...Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық»,- деген болатын. «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы – осы ағартушылық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекеме.

Аталмыш орталық 2011 жылдан бері жұмыс істейді. «Тілтану» орталығында қазақ тілін және ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылған. Мекемеде тіл үйрету сабақтарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар қоры бар. Мультимедиялық кабинет жұмыс істейді. Оқыту тегін. Орталықта тіл үйрету сабақтарынан мол тәжірибесі бар білікті мамандар ұстаздық етеді.

Мемлекеттік тіліміз бен басқа да тілдерді меңгеру – уақыт талабы.

Біз сіздерді асыға күтеміз.