«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауы

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауы
Мекенжайы Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі 60 Уақыты 10.09.2024 09:00 Өтетін орны Саран қаласының Полиция бөлімі Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
2024 жылы 4 қыркүйекте Саран қаласының полиция бөлімі мен Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауы өтті. Байқуаға полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, өзара бақ сынасты. Екі топқа мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тарихына, әдебиетіне, Ұлы тұлғаларына байланысты сұрақтар қойылды, мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу бойынша да білімдері тексерілді. Жеңімпаз атанған топ арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.