Қалалық «Тіл – ұлттың жаны» атты мерекелік іс-шара

Қалалық «Тіл – ұлттың жаны» атты мерекелік іс-шара
Мекенжайы Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыла көшесі 85А, Жамбыла көшесі 69 Уақыты 10.09.2024 10:00 Өтетін орны Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы мен мәдениет үйі Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
2024 жылы 3 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы «Тіл – ұлттың жаны» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Бұл шара Саран қаласының 70 жылдығы мен тілдерді дамыту орталығының 10 жылдығына арналды.
Іс-шара этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесуден басталды. Кездесу Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының құттықтау сөзімен ашылды. Сондай-ақ, мәдениет үйінде қолөнер шебері Сахи Бекташеваның, жергілікті суретші Қайрат КэйКэйдің шығармашылық көрмелерімен ұласты.
Тілдер орталығының 10 жылдығына орай әр жылдың тыңдаушылары мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы айтып, орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Кездесуден соң шақырылған қонақтар тілдерді дамыту орталығының мультимедиялық кабинетінде ағылшын тілінен өткен шеберлік сыныбына, «Мәміле» тілдесу кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Мерекелік шара соңында қатысушылар тілдерді дамыту орталығының 10 жылда атқарған жұмысы туралы бейнефильмді тамашалап, өзара пікір алмасты.