SEN мюзиклі

SEN мюзиклі
Мекенжайы Алматы қаласы, Ж.Омаров көш, 47Б Уақыты 11.12.2023 17:00 Өтетін орны Музыкалық жас көрермен театры Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Бұл сенім туралы оқиға. Бәріне сене беру де, ешнәрсеге сенбей үнемі күмәндану да түрлі қиындықтарға әкеледі. Сенімнің үйлесімді өлшемі бар ма? Оны сізге SEN мюзиклі түсіндіре алады. 
- Қаржы пирамидасынан алданып қалған 45 жасар алматылық өзіне қол жұмсамақ болды...
- Қазақстанда 2021-жылы интернет алаяқтық бойынша 40 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды...
- Танымал инстаграм вайнер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды...
- Алло! Сәлеметсіз бе! Мен банк қызметкері едім, сіздің шотыңызда күмәнді операциялар болып жатыр, маған банк картаңыздың деректерін айтыңыз...
Мұның бәрі сізге таныс жағдайлар ма? Дәл осындай оқиға SEN мюзиклінде де кездеседі.
Интернет біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткені сонша қағаз ақшаны қашан ұстағанымыз есімізде жоқ. Сауда-саттық, басқосу, танысу, ресми кездесу, лекциялар барлығы онлайнға өтті. Ал махаббат ше? Өмірлік серігіңізді инстаграм, тиндерден табу мүмкін бе? Біздің бас кейіпкерлер Айман мен Ғалымжан тиндерде танысқан еді. SEN мюзиклі happy end-пен аяқтала ма? Оны білгіңіз келсе премьераға келіңіз!
Жас санаты: 12+
Қосымша: Қойылым қазақ тілінде өтеді