«Үздік тыңдаушы» қалалық байқауы

«Үздік тыңдаушы» қалалық байқауы
Мекенжайы Қарағанды облысы, Саран қаласы, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85А Уақыты 12.06.2024 00:00 Өтетін орны Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Саран қаласының тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен тыңдаушылар арасында Саран қаласының 70 жылдығына арнап  «Үздік тыңдаушы» атты қалалық байқауы өткізілді. 
Байқау Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіліп отыр.
Шараға мемлекеттік тілді үйрену курсынан өткен және өтіп жатқан тыңдаушылар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Бақыт» балабақшасының тәрбиешісі - Баймуканова Ирина Сергеевна, бірінші орынды «Балғын» балабақшасының тәрбиешісі- Садретдинова Фарида Фаритовна, екінші орынды Саранкоммунсервис мекемесінің маманы - Султанов Руслан Ринасович, үшінші орынды Саран қаласының құрылыс бөлімінің маманы - Бородина Дарья Сергеевна иеленді.