Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы мемлекеттік тілді дәріптеуге арналған «Мәміле» тіл клубының алғашқы үш отырысын өткізді

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы мемлекеттік тілді дәріптеуге арналған «Мәміле»  тіл клубының алғашқы үш отырысын өткізді
Мекенжайы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр көшесі, 20А Уақыты 01.06.2024 00:00 Өтетін орны «Қоғамдық Келісім» КММ Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Ақтөбе облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы мемлекеттік тілді дәріптеуге арналған «Мәміле» тілдесу клубы құрылды. «Мәміле» тіл клубының мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы мен оның әдістемесі, ең алдымен, тыңдаушылардың ауызша сөйлеуін дамытуға, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, менталитеті мен құндылықтар жүйесін білу призмасы арқылы қазақ тілін үйренуге бағытталған. Клуб грек, славян, неміс, поляк, еврей, сыған, шешен, әзербайжан, украин, татар және башқұрт, кәріс секілді өзге ұлт өкілдерін қамтиды.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы осы орайда өз тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіп, Қазақстан халқы Ассамблеясында «Мәміле” тіл клубының алғашқы үш отырысын өткізді. Бастапқы танысу сағатын Тілдерді оқыту орталығының директорының орынбасары Г.Н.Төлегенова өткізіп, клубтың бірінші қадамын бастап берді. Клуб жұмыстары жалғасын тауып, екінші сөйлесімге бағытталған кездесуін мемлекеттік тіл оқытушысы  Ж.А.Умарова өткізсе, үшінші отырысын Г.Б.Аманкельдиева өткізді. Отырысқа келген қатысушылар бір-бірімен танысып, сөйлесіп, сөз орамдарын үйреніп, оларды тұрмыстық жағдайда қолдану дағдыларын игеруге күш салды. 
«Мәміле» тіл клубы айына 2 рет «Қоғамдық Келісім» КММ мекемесінің ғимаратында өткізіледі.