«Тілді оқыту әдістемесі және сандық технология мүмкіндіңктері»тақырыбында облыстық семинар

«Тілді оқыту әдістемесі және сандық технология мүмкіндіңктері»тақырыбында облыстық семинар
Мекенжайы Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы, 64 Уақыты 16.05.2024 00:00 Өтетін орны Достық үйі, конференц залы Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Берері мол әдістемелік семинар


 Сандық технология мүмкіндігін тілді оқыту сабақтарында қаншалықты ескеріп жүрміз? Осы орайда, бүгін Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы «Тілді оқыту әдістемесі және сандық технология мүмкіндіктері» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырды. 
Тіл оқыту әдістемесін жетілдіруде сандық технологияның мүмкіндігін насихаттау;  оқытушы, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсетіп, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қолға алынған семинар жұмысында білікті мамандар дәріс оқып, іс-тәжірибесін ортаға салды. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Орманова Айгүл Әділбекқызы «Абай институты» бағдарламасы: қазақ тілін офлайн/онлайн оқыту әдістемесі, Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Көпеш Күлән Бейсенбайқызы  «Видеосабақ – қазақ тілін оқытудың тиімді жолы» тақырыбында сөйледі. 
Семинар жұмысына оқыту орталықтарының әдіскер, оқытушылары қатысып, оқытуүдерісін жандандыруға қажетті ақпарат алды.Сертификаттар табысталлды.