Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкеннің сыр сандығы» атты аудандық дөңгелек үстел

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкеннің  сыр сандығы» атты аудандық дөңгелек үстел
Мекенжайы Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тәуелсіздік кешесі 61А Уақыты 06.05.2025 11:00 Өтетін орны Тобыл қаласы Алтын Дән МҮ Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
2024 жылдың  12 желтоқсанында аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкеннің  сыр сандығы» атты аудандық дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шарада ақынның өлеңдері оқылды, әндері салынды. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені Заречный ауылдық кітапханасының маманы Аблухалимова Айгерім Сәкенқызы дайындап, көпшіліктің назарын ұсынды. Ақынның өлеңдерін Садчиков жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ауезова Кенжегүл Шортанбайқызы, Майкөл орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Бакенова Таңсұлу Жұмақанқызы, Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназисының 11 сынып оқушысы Айша Берікқызы мәнерлеп орындады. Сәкен Сейфуллиннің «Тау  ішінде», «Көкшетау»,«Ақсақ киік»  өлеңдерін домбырамен  Кайыркенова Шамшия Газезовна орындады. Сәкеннің «Тар  жол тайғақ кешу» мемуарлық  романы жөнінде аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Д. Сергазина баяндады. 
Баяндамашылар: Қостанай ауылшаруашылық колледжінің қазақ  тілі мұғалімі  Жабакова Алия Ахметжановна, Майкөл орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Досумова Айгерім Сахитбекқызы, Надеждин жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Какимжанова Күміс Берикбаевна, Садчиков ауылдық округінің  тұрғыны Кауметова Майра Касымкановна  ақынның шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тапсырмалар  Quizizz қосымшасы арқылы орындалды. Барлық қатысушылар Алғыс хаттар, дипломдармен марапатталды.