Қалалық «Тіл шебері» байқауы

Қалалық «Тіл шебері» байқауы
Мекенжайы Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыла 85А көшесі Уақыты 15.11.2024 15:00 Өтетін орны Тілдерді дамыту орталығы Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
2024 жылдың 15 қарашасында Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына орай Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастар арасында қалалық «Тіл шебері» байқауы өтті. Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
І кезең «Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру»
ІІ кезең «Орыс тілі бойынша білімдерін тексеру»
ІІІ кезең «Ағылшын тілі бойынша білімдерін тексеру»
Қатысушылар әр кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындап тілді білу деңгейлерін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Абилхан Карина Жанарбекқызы, І орынды Айдынқызы Ақниет, ІІ орынды Ибрагим Темірлан Сейтжанұлы, ІІІ орынды Мейргелді Венера Ерболқызы иеленді.Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, сертификаттар және алғыс хаттармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.