«Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында қалалық семинар – практикум

Мекенжайы
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі 69/1
Уақыты
24.10.2024 15:00
Өтетін орны
Мәдениет үйі
Білетке сілтеме
Сатып алу
Сипаттамасы
Мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласында қолданылу аясын кеңейту, ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыру, тілдерді оқытуда қолданылатын жаңа технологиялармен таныстыру, әр тіл мамандарының тәжірибелерін ортаға салу мақсатында 2024 жылғы 10 қазанда Мәдениет үйінде облыс, қала тіл мамандарының, жеке оқу орталықтарының қатысуымен, қаламыздың тіл мамандарына, колледждің оқытушылары мен жоғары курс студенттеріне арналған «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында қалалық семинар – практикум өткізілді. Семинарда республика, облыс, қала деңгейіндегі байқаулардың жеңімпаздары, заманауи оқулықтардың авторлары, Халықаралық деңгейдегі семинар ұйымдастырушылары өз тәжірибелерін ортаға салды.