«Отбасы өмір айнасы»

«Отбасы өмір айнасы»
Мекенжайы Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы Уақыты 13.09.2024 13:30 Өтетін орны Жітіқара политехникалық колледждің конференцзалы Сипаттамасы
2024 жылдың 10 қыркүйегінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  қолдауымен Тілдерді оқыту орталығы өлкетану музейімен бірлесе  отбасы күніне орай, Жітіқара политехникалық колледждің жаңа заманауи конференцзалында аудандағы үлгілі, мерейлі отбасылар арасында «Отбасы өмір айнасы» тақырыбында тамаша кездесу өтті. 
Отбасылық тәлім-тәрбиенің үздік үлгілерін, әскери қызметшілеріміздің жанұясының өнерлерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында  шаңырақ көтергендеріне 50 /40 / 30 жыл  болған 5 отбасы қатысты. Қатысушылар өздерінің өмірден алған тәжірибелерін жастармен бөлісті. Шара соңында барлық отбасыларға аудан әкімінің орынбасары Ф.Балашовтың атынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.