ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ
Мекенжайы Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Амангелді 9А Уақыты 05.09.2024 00:00 Өтетін орны Жетісай аудандық мәдениет үйі Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тіл – қоғамның айнасы» тақырыбында аудандық байқауы өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен байқауға аудандағы арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерден 15 үміткер қатысты. Сайыста аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Илимова, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің инспекторы Зулфия Жолдыбаева, аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» орыс тілі оқытушысы Лаура Исаева қазылық етті.
Тілдердің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар екі кезең бойынша сайысты.
«Сәлемдесу – салтымыз» кезеңінде қатысушы үміткерлер өзін таныстырса, екінші кезеңде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан кез келген бір өлеңін жатқа оқыды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ілияс Манарбек лайық деп танылды. І орын Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Назым Ахметке  берілсе, ІІ орын Д.Қонаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Балнұр Курушбектің еншісіне бұйырды. Ал «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлназ Оразходжа мен Н.Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Жасмин Сабит ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.