«Тіл - ұлттық құндылық»

«Тіл - ұлттық құндылық»
Мекенжайы Түркістан облысы, Созақ ауданы, «Мыңжылқы» мәдениет сарайы Уақыты 06.09.2024 00:00 Өтетін орны Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ Сипаттамасы
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайтуға арналған «Тіл – ұлттық құндылық!» атты дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге түрлі этнос өкілдері, өз кәсібін мемлекеттік тілде жүргізіп отырған табысты кәсіркерлер, тіл мамандары  мен тіл жанашырлары қатысты. Шара барысында қатысушылар қазақ тілінің  этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде үлесін арттыру, аудан көшелері мен ғимараттар, кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпаратты сауатты жазу бойынша өз ойларымен бөлісті.