МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ!
Мекенжайы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Орталық кітапхана Уақыты 09.09.2024 00:00 Өтетін орны МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН БІРІКТІРЕТІН ТІЛ! Білетке сілтеме Сатып алу Сипаттамасы
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оның қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін көтеру мақсатында Бәйдібек аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
    Мерекелік іс-шараға ауданның Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Серікбай Тұржан Дәулетбайұлы, Шаян ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, ауданның Құрметті азаматы, аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғамдық кеңестің мүшесі Қырықбаева Нағима Мақанқызы және БАҚ өкілдері, оқушылар, студенттер қатысты. Мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
    Мерекелік жиын барысында  тіл үйренушілер, студенттер және оқушылар  Алаш арыстарының ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, жұртшылықты рухани байытса, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен көпшілікке мерекелік көңіл - күй сыйлады.